Әлемдегі ең ірі банктің бірі Ресейден кетеді
Қаржы ұйымы Ресейдегі соңғы активтерін сатып жатыр. Citigroup америкалық банк конгломераты Ресейдегі соңғы бизнесі ...
АҚШ Президенті Дональд Трамп НАТО-ға мүше мемлекеттерді Қытайдан импортталатын тауарларға 50-ден 100 пайызға дейінгі кедендік баж салығын енгізуге шақырды .
АҚШ Президенті Дональд Трамп бұл бастамасы жайлы америкалық Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісіп, НАТО елдеріне жолдаған хатын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Anadolu Ajansı басылымына сілтеме жасап.
Трамптың айтуынша, мұндай шара Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға ықпал етуі мүмкін. Ол баж салығы соғыс аяқталғаннан кейін алынып тасталатынын да атап өтті.
"Қытайдың Ресейге ықпалы зор. Егер НАТО мен ұсынып отырған жолды таңдаса, соғыс дереу тоқтайды. Әйтпесе, АҚШ-тың уақыты да, күші де, қаражаты да босқа кетіп жатыр", – деді Трамп.
Сонымен қатар ол НАТО елдері Ресейге қарсы санкция енгізіп, ресейлік мұнайдан бас тартқан жағдайда, Вашингтон да Мәскеуге қатаң шара қолданатынын айтты.
Трамптың пікірінше, кейбір НАТО елдерінің Ресей мұнайын "шектен тыс көлемде" сатып алуы олардың келіссөздер кезіндегі ұстанымын едәуір әлсіретіп отыр.
Қаржы ұйымы Ресейдегі соңғы активтерін сатып жатыр. Citigroup америкалық банк конгломераты Ресейдегі соңғы бизнесі ...
Кездесу бейнебайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. Онлайн форматта ...
АҚШ бірпартиялы мемлекетке айналуы мүмкін. Бұл туралы кәсіпкер Илон Маск X желісіндегі парақшасында жазды, ...