Павлодарда нашар баға алған оқушының әкесі мұғалімді соққыға жыққан
Павлодар облыстық полиция департаменті мұғалім мен оқушының әкесі арасындағы төбелес туралы ақпаратқа түсінікт ...
Пластик бөтелке жарылып, 7 баланы химиялық күйік шалды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жазатайым оқиға облыс орталығындағы №37 орта мектепте дене шынықтыру сабағы кезінде болған. 6-сыныптың бір топ оқушысы сілтілі "Крот" құбыр тазартқыш құралын сусын құйылған пластик бөтелкеге салған.
Оны футбол добы ретінде пайдаланып ойнап жүргенде бөтелке жарылып, жеті баланың денесі күйіп қалды.
– Жедел жәрдемге шақырту бүгін сағат 12.49-да түсті. Оқиға орнына екі жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Анықталғандай, жеті бала зардап шеккен. Балалардың қол саусақтарын, бет-әлпеттері мен көздерін күйік шалған. Оқушылар әлгі жерде "крот"+мохито+фольга химиялық заттарын пайдаланып, ойын ойнаған. Зардап шеккен жасөспірімдердің барлығы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Пациенттердің жағдайы ауыр емес, – деп хабарлады өңірлік жедел жәрдем стансасынан.
Оқиға орнында медицина қызметкерлерімен қатар, өрт сөндірушілер, құтқарушылар және апаттар медицинасы орталығының мамандары да жұмыс істеді.
Павлодар облыстық полиция департаменті мұғалім мен оқушының әкесі арасындағы төбелес туралы ақпаратқа түсінікт ...
Оқиға орнында психолог мамандар жұмыс істеп жатыр. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облы ...
Олимпиада 13 пән бойынша ұйымдастырылады . Елімізде ауыл мектептерінің 9-11(12)-сынып оқушылары арасында жалп ...