Әлемдегі ең ірі банктің бірі Ресейден кетеді
Қаржы ұйымы Ресейдегі соңғы активтерін сатып жатыр. Citigroup америкалық банк конгломераты Ресейдегі соңғы бизнесі ...
2025 жылғы 15 қыркүйекте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова банк қызметі туралы заң жобасын қарау барысында елімізде енгізілетін банктік лицензиялардың екі түрі туралы айтып берді
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, Ресей, Литва, Сингапур және АҚШ сияқты бірқатар елдерде шағын банктер үшін жеке базалық лицензия қарастырылған.
«Еуропалық Одақта, Ұлыбританияда, Швеция мен Жапонияда бірыңғай лицензия шеңберінде пропорционалды талаптар көзделген. Осы халықаралық тәжірибені ескере отырып, заң жобасында Қазақстанда банктерге арналған екі түрлі лицензияны – базалық және әмбебап лицензияны – енгізу ұсынылады», – деді Әбілқасымова.
Оның айтуынша, базалық лицензия мен әмбебап лицензия рұқсат етілген операциялар көлемі мен реттеушілік талаптар деңгейі бойынша ерекшеленеді. Базалық банктік лицензия үшін активтердің ең жоғары мөлшері мен меншікті капиталдың ең төменгі мөлшеріне шектеулер қойылады. Бұл көрсеткіштердің нақты шектері қосымша заңнамалық актілерде айқындалады.
«Қазіргі кезеңде активтер мөлшерін 500 млрд теңгемен шектеу және меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін 10 млрд теңгеден кем емес деңгейде белгілеу жоспарланып отыр. Базалық лицензиясы бар банктерге резидент еместер мен аффилиирленген тұлғаларды несиелеуге тыйым салынады. Бұл шағын банктердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бірқатар көрсеткіштер бойынша пруденциялық нормативтер мен қадағалау талаптары жеңілдетілген түрде белгіленетін болады», – деп толықтырды агенттік төрағасы.
Бұған дейін мемлекет проблемалық банктерге көмекті азайтпақ екенін жазған болатынбыз.
Қаржы ұйымы Ресейдегі соңғы активтерін сатып жатыр. Citigroup америкалық банк конгломераты Ресейдегі соңғы бизнесі ...
Конькимен жүгіруден 14 қараша–14 желтоқсан аралығында АҚШ, Канада, Нидерланд және Норвегияда өткен Әлем кубогі кезең ...
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыз алушыларға несиені мерзімінен бұрын өтеу тәртібі туралы еске салды. ...