Спорт министрі қысқы Олимпиада ойындарына дайындық барысы туралы айтты
XXV қысқы Олимпиада ойындары Италияда өтеді. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында 2026 ...
Конькимен жүгіруден 14 қараша–14 желтоқсан аралығында АҚШ, Канада, Нидерланд және Норвегияда өткен Әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша ел құрамасы 12 лицензия иеленді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Лицензия иегерлерінің есімі мен спортшылар саны ұлттық құрама бас бапкерінің шешімінен кейін белгілі болады.
Болжам бойынша, 2026 жылғы қысқы Олимпиадада конькимен жүгіруден ел намысын 5 спортшы қорғайды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мәнерлеп сырғанау спортынан Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина әлем чемпионатында олимпиадалық нормативті орындап, екі жолдама жеңіп алған еді.
Сонымен қатар отандық шорт-трекшілер ел қоржынына тағы 9 жолдама салды. Бапкерлер штабының шешімімен Миланда Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова және Яна Хан бақ сынайды.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың үш түрінен 23 лицензия бар.
Олимпиадаға арналған нақты лицензия саны 2026 жылғы қаңтар айының соңында белгілі болады.
Айта кетейік, XXV қысқы Олимпия ойындары 2026 жылы 6–22 ақпан күндері Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады.
XXV қысқы Олимпиада ойындары Италияда өтеді. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында 2026 ...
Бұл туралы Грекия Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады. Қысқы Олимпиада ойындарының алауын тұтату рәсімі күн ра ...
2025 жылғы 15 қыркүйекте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова банк қызметі ...