Астанада «Еңбек пен ерлік дастаны» әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды
Елордада Жұмысшы мамандықтарын ұлықтауға арналған «Еңбек пен Ерлік дастаны» республикалық әдеби байқауы қорыт ...
Алдағы үш жылда Шымкент әуежайында жоспарланған ауқымды қайта құру жұмыстары жүргізілмек.
Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған дерекке сүйенсек, жобаның жалпы құны 40,6 млрд теңгеден асады.
Әкімдіктің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жариялаған конкурсқа сәйкес, құрылыс жұмыстары ұшу-қону жолағын қайта салуды, жаңа ИВПП-2 мен рулеждік жолақтарды тұрғызуды қамтиды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл – аймақ әуежайының өткізу қабілетін арттырып, халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсетуге жол ашатын маңызды қадам.
"Шымкент – еліміздің үшінші мегаполисі. Мұндағы әуе қатынасының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру – тек қала үшін емес, тұтас өңірдің дамуы үшін стратегиялық маңызға ие", – делінген жоба сипаттамасында.
Байқауға өтінімдерді қабылдау 15 қыркүйекке дейін жалғасады.
Мамандардың айтуынша, реконструкция аяқталған соң Шымкент әуежайы жолаушылар ағынын бірнеше есе ұлғайтып, жаңа бағыттарды игеруге мүмкіндік береді.
Елордада Жұмысшы мамандықтарын ұлықтауға арналған «Еңбек пен Ерлік дастаны» республикалық әдеби байқауы қорыт ...
Бұл – науқастың өз бүйрегін алып, қайта қалпына келтіріп, өз ағзасына қайта отырғызу арқылы жасалатын аса күрделі опер ...
Шымкентте тұратын 12 жастағы Әлтайыр Ерназаров соңғы жеті жылда 650 кітап оқыған, деп хабарлайды Egemen.kz. ...