«Айта алмаймын»: Бибісара Асаубаева қазақ тілінде сұхбат беруден бас тартты (ВИДЕО)
Жақында ғана екінші гроссмейстер атағын жеңіп алған қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева елордадағы шаралардың б ...
Турнирдегі қола жүлде үшін қазақстандық шахмат шебері 25 000 АҚШ доллар сыйақы алды.
21 жастағы халықаралық гроссмейстер Бибісара Асаубаева Самарқанд қаласында өткен беделді FIDE Grand Swiss 2025 турнирін сәтті аяқтап, үшінші орынға ие болды. Бұл жетістік қазақстандық шахмат тарихында әйелдер арасындағы Grand Swiss турнирінде қол жеткізілген ең жоғары нәтиже болып табылады және спортшымыздың шеберлігін дәлелдейді.
Әлем чемпиондығына үміткерлер турниріне жолдама үшін болған тартысты бәсекеде Бибісара соңғы турға дейін жүлделі орындарға таласты. 11-турдың алдында ол 7 ұпай жинап, Екатерина Лагно (FIDE, 2505) мен Ваишали Рамешбабудан (Үндістан, 2452) бір ұпайға ғана қалып қойды. Украиналық Анна Музычукпен (2535) өткен шешуші партия тең нәтижемен аяқталып, Бибісара 7½ ұпай жинап, турнирдің қола жүлдегері атанды. Осылайша қазақстандық шахматшы 25 000 АҚШ доллар сыйақы алды.
Үндістандық шахматшы Ваишали Рамешбабу турнирдің жеңімпазы атанды. Ол 8 ұпай жинады. Екінші орынға дәл сондай нәтижемен Екатерина Лагно орналасты. Қазақстандық шахматшының үшінші орны ел спорты үшін маңызды тарихи оқиға саналады және оған FIDE Women’s Events 2024–2025 рейтингінің қорытындысы бойынша 2026 жылғы үміткерлер турниріне жолдама алу мүмкіндігін арттырады.
Қазақстандық шахматшылардың өзге өкілдері де лайықты нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, Меруерт Камалиденова Нидерланд өкілі Элине Рёберсті жеңіп, 19-орынды иеленді және 3 000 АҚШ доллар табысқа кенелді. Ал, Елназ Қалиахмет украиналық Анна Ушенинодан жеңілгеніне қарамастан, әйелдер гроссмейстері нормасын орындап, 15 жасқа толмай тұрып керемет нәтиже көрсетті. Сондай-ақ Ксения Балабаева (2383) Өзбекстан өкілі Гульдона Каримованы (2324) жеңіп, турнирді сенімді аяқтады.
FIDE Women’s Grand Swiss 2025 қорытындысы:
1. Ваишали Рамешбабу (Үндістан, 2452) – 8 ұпай (40 000 АҚШ доллары)
2. Екатерина Лагно (FIDE, 2505) – 8 ұпай (31 000 АҚШ доллары)
3. Бибісара Асаубаева (Қазақстан, 2505) – 7½ ұпай (25 000 АҚШ доллары)
4. Тан Чжуньи (Қытай, 2531) – 7½ ұпай (21 000 АҚШ доллары)
5. Сун Юйсинь (Қытай, 2409) – 7½ ұпай (18 000 АҚШ доллары)
6. Меруерт Камалиденова (Қазақстан, 2349) – 6 ұпай (3 000 АҚШ доллары)
7. Елназ Қалиахмет (Қазақстан, 2299) – 5 ұпай
8. Ксения Балабаева (Қазақстан, 2383) – 5 ұпай
FIDE Grand Swiss 2025 (ерлер):
1. Аниш Гири (Нидерланд, 2746) – 8 ұпай
2. Маттиас Блюбаум (Германия, 2671) – 7½ ұпай
3. Алиреза Фирузджа (Франция, 2754) – 7½ ұпай
Айта кетейік, Бибісара Асаубаеваның қол жеткізген нәтижесі еліміздің спорт тарихындағы айрықша жетістік ретінде бағаланады.