«Самұрық-Қазына» қорындағы жасанды интеллект басқарушыны алмастыра ма?
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқармасына 2025 жылғы 2 қазанда алғаш рет цифрлық директор – SKAI (Samruk-Kazyna Artificial I ...
Жыл соңына дейін салықтық берешекті әкімшілендіруге қатысты қосымша өзгерістер мен жаңа бастамалар күтіледі
Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Аудит департаментінің берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Арын Қайсар тікелей эфир барысында мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта салық органдары жасанды интеллект негізінде пилоттық жобаны іске қосып жатыр. Бұл жаңашылдық салық төлеушілердің мүлкін түгендеу және бағалау рәсімін айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді.
— Қазіргі уақытта аумақтық органдардағы әріптестеріміз мүлікке түгендеу актісін толтыру кезінде бірқатар қиындыққа тап болады. Оның ішінде — мүліктің баланстық құнын дәл сол сәтте анықтай алмау. Бұл процесс әдетте бір айдан астам уақытты алады. Себебі біз «Проблемалық кредиттер қоры» арқылы тәуелсіз бағалаушыларды тартамыз. Одан кейін есеп комиссия арқылы беріледі. Бұл ұзақ әрі күрделі тізбек, — деді Арын Қайсар.
Жаңа жоба бұл процесті түбегейлі өзгертуге бағытталған.
— Жаңа жүйе бойынша салық инспекторында арнайы мобильді қосымша болады. Сол қосымшаның көмегімен инспектор мүлікті фотоға түсіреді, ал жасанды интеллект негізінде бағдарлама автоматты түрде бағалау есебін дайындайды. Бұл бар болғаны 20 минуттан 3 сағатқа дейін уақыт алады. Біз бұл пилоттық жобаны сынақтан өткіздік, нәтижесінде бір айлық жұмысты бірнеше сағатта орындауға болатыны дәлелденді, — деп түсіндірді спикер.
Қазіргі уақытта жоба Қаржы министрлігінде қаралып жатыр. Егер қолдау тапса, Әділет министрлігінен тіркеуден өткізіп, тәжірибеге ресми түрде енгізілмек.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқармасына 2025 жылғы 2 қазанда алғаш рет цифрлық директор – SKAI (Samruk-Kazyna Artificial I ...
Қазақстанда дипфейктерді жасап, таратқандарға жауапкершілік енгізіледі. Жасанды интеллект және цифрлық даму в ...
Әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарды жасанды интеллект анықтайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік ...