Медицина саласын цифрландыру қандай нәтиже беріп жатыр?
Медицина саласындағы қағазбастылықтан құтылып, жұмысты ширатуға цифрлық жүйелер көп септесті . Десе де, сала ...
8 наурыздағы мереке күні ел бойынша жедел жәрдем бригадалары 103 диспетчерлік қызметінің пультіне келіп түскен 22,7 мың шақыртуға қызмет көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның ішінде 1147 шақырту бірінші санатқа, 6723 — екінші санатқа, 6220 үшінші санатқа және төртінші санат бойынша емханалар жанындағы бригадалар 8624 шақыртуға қызмет көрсетті.
ДСМ мәліметінше, ең көп шақыртулар Түркістан облысы, Шымкент, Алматы, Астана қалаларында, одан кейін Жамбыл және Алматы облыстарында тіркелді.
Бұл күні ауыр диагнозы бар пациенттерге 15 телемедициналық консультация берілді, санитариялық авиация бір рет ұшуды жүзеге асырды. Жедел коронарлық синдромы бар ер адам санавиация бортымен Құрманғазы кентінен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді, — делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта ел бойынша жедел медициналық жәрдем қызметін 20 дербес станция, 98 қалалық кіші станция және 232 аудандық бөлімше ұсынады.
Облыстық және қалалық жедел жәрдем станцияларында бір ауысымда 1 491 көшпелі бригада жұмыс істейді, МСАК (емхана) ұйымдарының жанындағы шұғыл 4-санаттағы шақыртуларға қызмет көрсету үшін 446 бригада жұмыс істейді.
Медицина саласындағы қағазбастылықтан құтылып, жұмысты ширатуға цифрлық жүйелер көп септесті . Десе де, сала ...
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жедел жәрдем қызметіне қаражат бөлмей отырған әкімдіктердің тізімі жақ ...
Көпшілікке “Қалаулым” бағдарламасының қатысушысы ретінде танылған блогер Камила Әділхан денсаулығы сыр бер ...