Таза Қазақстан: Жетісу облысында саябақ тазартылды
Жетісу облысының Балпық би ауылында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды. Шараға Көксу ауданының белсенділері, м ...
Бүгін – Дүниежүзілік тазалық күні. Бұл дата табиғатқа қамқорлық таныту , қаланы абаттандыру және тазалық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын еске салады.
Былтырдан бастап Мемлекет басшысының бастамасымен республика көлемінде «Таза Қазақстан» жобасы қолға алынғаны есімізде. Елорда іргесіндегі Қосшы қаласы да бұл науқаннан тыс қалмады. Жастар жергілікті Сарқырама өзені бойын қоқыстан тазартты.
Қыркүйектің әр үшінші сенбісінде бүкіл әлемде «World CleanUp Day» науқаны аталып өтеді. Мақсаты – халықтың экологиялық мәдениетін көтеру. Бұл жолғы акция Қосшы қаласында өтті. Сенбілікке Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, қала әкімдігі, ЖОО-ның ұстаздар қауымы, студенттер мен волонтёрлар қатысты.
Азамат Қапышев, Қосшы қаласының әкімі:
- «Таза Қазақстан» акциясы өтіп жатыр. Негізі Қосшы қаласында осындай сенбіліктер жиі өтеді. Жыл бойы өтеді. Мысалы жазда бізде «Жасыл ел» жасағы жұмыс істеді. Көгалдандыру жұмыстарын жақсы жасады. Көшелерді жинады.
Республика бойынша сенбілікке 422 мыңнан астам адам шықты. Әсіресе, жастар белсенді. Жалпы алғанда 9 мың гектар аумақ тазартылып, 12 мың тоннадан астам қоқыс жиналды. 18 мыңнан астам ағаш екті.
Ерболат Қожықов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі комитетінің төрағасы:
- Жылдан жылға байқайтынымыз – жастардың белсенділігі. Неге десеңіз, табиғатты қорғауға өздерінің көзқарастарына бағыт беретін жақсы іс-шара. Жалпы қоғамымыз табиғатты қорғауға, айналамызды таза ұстауға белсенділік танытса екен деген үміт бар.
«World CleanUp Day» акциясы елімізде 4 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде 1 млнға жуық адам атсалысып, шамамен 60 мың тонна қоқыс жиналды.
Мирлан Алтынбек, тілші:
- Осылайша, Сарқырама өзенінің бойында жаз бойы жатқан қалдықтың ізі де қалмады. Жастар су жағасын санаулы минуттардың ішінде тап-тұйнақтай тазартып шықты. Бұған қарап елімізде, жер-жерде қалдық пен құс өлексесінен тазарту жұмысы жақсы жолға қойылғанын айта аламыз.
Авторлары: Мирлан Алтынбек, Мерей Талап