Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Бейбарыс Ерсейіт 1 күміс, 1 қола алды
Қазақстанның ауыр атлеті Манама қаласында (Бахрейн) өткен жасөспірімдер Азия ойындарында ел қоржынына 2 жүлде ...
Алматы облысында әлемдегі ең үлкен түйе керуені жиналды, деп хабарлайды 24kz.
Шара Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін ұйымдастырылды. Мың ойсыл қара мен оларды жетектеген адамдар мың шақырымдық жолды еңсерді.
Данияр Сұлтанұлы, тілші:
- Сыдық Дәулетов түйе шаруашылығын 25 жыл бұрын екі ойсыл қарадан бастаған. Қазір елдегі ең ірі фермер. Шаруашылығында бес мыңға жуық түйе бар. Оның айтуынша шараға дайындық алты айға созылған.
Сыдық Дәулетов, түйе шаруашылығының иесі:
- Бір қолда осы малдың бар екені тіркелген бе, осыны тексерудің өзіне 3 ай уақыт кетті. Бірақ соңғы 3 айда біз мына түйелерді үйретіп дайындадық. Себебі бізде түйе көп болғанымен, оны мына жүргізіп үйрету, басына ноқта кигізу көп уақытымызды алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шараның еш жерде баламасы жоқ. 2022 жылы Қытайда 365 түйеден тұратын керуен өткен. Бүгінгі көрсеткіш одан үш есе көп. Ережеге сәйкес түйелер бір шақырым жолды жетектеушімен бірге өтуі тиіс, арақашықтық алты метрден аспауы қажет.
Ричард-Уильям Стэннинг, халықаралық төреші:
- Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Алайда жол күрделі әрі ұзақ болды. Бүгін нақты шешімді жариялай алмаймын. Барлық материалды Лондондағы бас кеңсеге жіберемін. Онда толық қаралған соң, тексеруден кейін ресми жауап беріледі.
Гиннестің рекордтар кітабының Лондондағы орталығы шешімді үш айдан кейін қабылдайды. Шараны тамашалауға мыңдаған көрермен жиналды.
Блиц 1:
- Жақсыны көрмекке деп келдік, айналайын. Қазір 77-ге келдім, бұндай көп түйені бірінші рет көріп тұрмын. Қазақтың үлкен мақтанышы ғой бұл деген.
Блиц 2:
- Бұл керуен шеруі жалпы Қазақстан бойынша, әлем бойынша біздің ауданымызда Іле ауданында өтіп жатқанына өте қуаныштымыз. Бұндай 1000 түйені алып өту өте үлкен еңбек.
Ұйымдастырушылар бұл шара агротуризмді дамытуға серпін береді деп отыр. Рекорд шетелдік туристерді тартуға, жаңа бағыттар ашуға мүмкіндік бермек.
Бақытнұр Бақытұлы, облыс әкімінің орынбасары:
- Осындай шаралар ұйымдастыратын болсақ, біздің Алматы облысы ғана емес, Қазақстанға шет елдерден көптеген туристер қызығушылық көрсетіп келеді.
Шара эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концертпен қортындыланды.
Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Гүлім Советхан, Аят Дүйсембай, Аманжол Жөнкешов