Песков: Путин пен Трамп жақын арада тағы да сөйлеседі
Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Ресей Федерациясы мен АҚШ президенттері ...
Әзірге бұл мәселе ұсыныс күйінде тұр.
АҚШ президенті Дональд Трамп Испанияны қорғаныс саласына жеткілікті қаржы бөлмегені үшін сынға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Трамп Финляндия президенті Александр Стуббпен кездесті. Ақ үй басшысы Испанияны НАТО-дан шығару керек деген ойын ортаға салды.
АҚШ президентінің сөзінше, Мадридтің әскери шығындарды арттырмауына ешқандай негіз жоқ. Ол НАТО альянсының елдері АҚШ-тан заманауи қару-жарақ, соның ішінде әскери ұшақтар сатып алып жатқанын баса айтты.
"Ашығын айтқанда, бәлкім оларды НАТО-дан шығарып жіберу керек шығар", – деді Дональд Трамп.
Бұған дейін Трамп НАТО елдері өздерінің әскери шығындарын ЖІӨ-нің 5 пайызына дейін жеткізуі тиіс екенін айтқан болатын. Оған Украинаға көмек мәселесінде қаржылық жүктеменің әділетсіз бөлінуі ұнамаған. Оның айтуынша, АҚШ бұл соғысқа НАТО елдеріне қарағанда көп шығындалып жатыр.
Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Ресей Федерациясы мен АҚШ президенттері ...
Кездесу бейнебайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. Онлайн форматта ...
Мемлекет басшысы озық шешімдерді мемлекеттік басқару саласына енгізуде Жапония тәжірибесіне назар аударуға шақырды. ...