"Қайрат" пен "Реал Мадридтің" ойынына билеті бар неше адамның кіре алмай қалғаны анықталды
Осы жайтқа байланысты қалалық полиция тексеруді бастады. Қазіргі уақытта 75 билеттің иесіне ақшасы қайтарылғ ...
Мұны оған өз елінің кәсіпкерлері табыс еткен .
Өзбекстаннан Алматыға тарихи матчты көру үшін келген әке мен баланың оқиғасы әлеуметтік желіде кеңінен тараған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Олар Viagogo сайтынан 1175 долларға (630 998 теңге) билет сатып алған. Өкініштісі сол, стадионға келгенде ғана билеттердің жалған екенін анықтаған.
Осылайша, "Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы матчқа кіре алмаған өзбекстандық бала әйгілі "Реал Мадрид" пен "Челси" клубының аңызы Клод Макелеленің қолтаңбасы бар допты сыйлыққа алды.
Кейіннен қазақстандық танымал медиа жобаның негізін қалаушы Марғұлан Тұрсынов аталған отбасын тауып, қаржылай көмек ұсынған болатын.
– Бізге жәрдем керек емес. Тек мерекенің бір бөлігі болғымыз келген, – деп қысқа қайырды оған өзбек жанкүйердің отбасы.
Соңында Viagogo сайты да ақшаны қайтарып берді. Ал бала Арминнің арманы – "Реал Мадрид" клубын Испанияда көру. Бұйырса, мұны да өзбек кәсіпкерлері орындауы мүмкін.
Осы жайтқа байланысты қалалық полиция тексеруді бастады. Қазіргі уақытта 75 билеттің иесіне ақшасы қайтарылғ ...
Бүгін «Қайрат» пен «Селтиктің» қарымта кездесуіне тағы 1000 билет сатылымға шығарылды, деп хабарлайды 24kz. ...