Ерлан Ақкенженов Энергетика министрі лауазымына тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Ақкенженов Энергетика министрі лауазымына тағайындалды. Ол б ...
11 наурызда ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева белгілі театр қайраткері Александр Совостьяновты "Астана Опера" театрының басшысы етіп тағайындады.
Театрдың баспасөз қызметінің мәліметінше, Александр Совостьяновтың есімі қазақстандық театр өнерімен тығыз байланысты. Ол 2013 жылы жаңадан құрылған "Астана Опера" театрында алғашқы күннен бастап қызмет атқарып, директордың орынбасары болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Кейін "Астана Балет" театрының басшылығына келіп, оның халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға елеулі үлес қосты. Өнер және медиа саласындағы бай тәжірибесінің арқасында кәсіби басшы әрі стратег ретінде танылды.
Жаңа қызметіне кіріскен Александр Совостьянов ұжыммен алғашқы кездесуінде театр репертуарын кеңейту, халықаралық әріптестікті нығайту және көрермен аудиториясын арттыруға басымдық беретінін мәлімдеді. Сондай-ақ жас таланттарды қолдау мен "Астана Операның" театрлық дәстүрлерін дамыту басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.
Анықтама:
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Ақкенженов Энергетика министрі лауазымына тағайындалды. Ол б ...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрін тағайындады, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат ...
Павлодар, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстық соттарының жаңа төрағалары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.k ...