Әлем чемпионатының алтынына 4 қазақ боксшысы таласады
Дубайда (БАӘ) IBA өткізіп жатқан 2025 жылғы дүбірлі доданың финалистері анықталды. Ақтық сындағы бәсекелер 13 желт ...
Қазақстандық спортшы әлем чемпионатындағы алтын жүлдемен қатар Азия рекордын да жаңартты.
9–18 қазан аралығында Каирде (Египет) пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан ұлттық құрамасы бұл жарысқа 17 спортшымен қатысуда.
Спортшыларымыздан Давид Дегтярев 54 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 191 кг көтеріп, жалпы 567 кг нәтижемен жеңіске жетті және Азия рекордын жаңартты. Осылайша, Ақмола облысының спортшысы үш дүркін әлем чемпионы атанды. Давидты Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Колесников жаттықтырады.
Айта кету керек, Давид Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы.
Сондай-ақ Фариза Төлжан 50 кг дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Жалпы нәтижесі 298 кг.
Раушан Қойшыбаева 73 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 330 кг нәтижемен алтын медаль, сондай-ақ ардагерлер арасында алтын және күміс жүлде иеленді.
Рахметжан Хамаев 88 кг дейінгі салмақта жалпы 592 кг нәтижемен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
"Біздің пара пауэрлифтерлердің жетістігі – жүйелі еңбектің және спортшылардың жоғары мотивациясының нәтижесі. Қазақстан құрамасы жоғары деңгей көрсетіп, халықаралық аренада қарқынды дамып келеді", – деді Қазақстан Паралимпиадалық комитетінің президенті Қайрат Боранбаев.
Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты – Paralympic Powerlifting жүйесіндегі ең маңызды жарыстардың бірі болып саналады. Бұл додада әлемнің ең мықты спортшылары бақ сынайды.
Дубайда (БАӘ) IBA өткізіп жатқан 2025 жылғы дүбірлі доданың финалистері анықталды. Ақтық сындағы бәсекелер 13 желт ...
Қазақстандық жас хоккейшілер 14:6 есебімен жеңіске жетті. Словенияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы хоккейде ...
«Алау» мұз сарайында өтетін жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің кезеңі аясында Туризм және спорт министрі Ербол Мырз ...