Кредитің шегеріліп, тегін оқисың. Әскерге таласып-тармасып баратын күн қашан туады?
Жыл сайын елде 18-бен 27 жас аралығындағы жастар әскер қатарына шақырылады. Биыл 20 мыңнан аса жас өрен отан ...
Мұны байқаған президет елден қашып кеткен .
Мемлекетте бір айдың аралығында екінші рет ірі толқу болып, шерушілер Үкіметті құлатып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазіргі уақытта жаппай наразылықтар мен президенттің елден қашуына байланысты әскерилер ел билігінің әскери кеңеске өткенін мәлімдеген. Бұл жағдай Мадагаскар президенті Андри Радзуэлинаның шетелге қашып кеткені белгілі болған соң хабарланды.
"Біз билікті өз қолымызға алдық" деді полковник Майкл Рандрианирина ұлттық радио арқылы.
Елде Конституцияның күші тоқтатылып, Мадагаскардың ұлттық ассамблеясынан басқа барлық мемлекеттік институт таратылған. Әскерилер билікті өз қолына алғанын жарияламай тұрып бірнеше минут бұрын парламент депутаттары Радзуэлинаны президенттік қызметтен шеттетуге дауыс берген.
Әскери кеңес құрамына экс-президент 2009 жылғы әскери төңкеріс арқылы билікке келген кезде оған қолдау көрсеткен элиталық CAPSAT бөлімшесінің әскери қызметкерлері де енгізілді.
Мадагаскар парламентіндегі оппозиция жетекшісі Ситена Рандрианасолониаико президенттің шетелге кеткенін хабарлады.
– Біз президент әкімшілігіне хабарластық, олар оның елден кеткенін растады, – деді ол Reuters агенттігіне берген сұхбатында.
Жыл сайын елде 18-бен 27 жас аралығындағы жастар әскер қатарына шақырылады. Биыл 20 мыңнан аса жас өрен отан ...
Жоба жауынгерлік және арнайы даярлықтың жаңартылған тұжырымдамасын іске асыруды көздейді. Алматы облысындағы Әуе қ ...
Әскерге шақырудың кезекті науқаны аясында ІІМ Ұлттық ұланы мерзімді әскери қызметшілерді даярлау бойынша маңызды қад ...