• 21-11-2025

Әлемдік теннис, жұлдыздар концерттері және алмалар: Almaty Open ATP 250 – 2025 турнирі қалай өтті

11-19 қазан аралығында Қазақстанның оңтүстік астанасында үлкен теннис, мәдени оқиғалар мен әлеуметтік бастамаларды біріктірген Almaty Open ATP 250 турнирі өтті.

Almaty Arena аренасында өткен жарыс қала тұрғындары мен қонақтары үшін нағыз спорт және өнер мерекесіне айналды.

Даниил Медведев – турнир чемпионы

Жекелей сында әлемнің 14-ракеткасы, US Open – 2021 чемпионы Даниил Медведев жеңімпаз атанды. Тартысты өткен финалда ол франциялық Корентен Мутені 7:5, 4:6, 6:3 есебімен ұтты. Бұл Медведев үшін спорттық жолындағы 21-інші, ал 2023 жылғы мамырдан бергі бірінші титулы, ал финал ресейлік теннисші үшін мерейтойлық, 40-ыншы болды.

Жұптық сын: франциялық жұптың жеңісі

Жұптық сында финалда франциялықтар Тео Аррибаж бен Альбано Оливетти германиялықтар Якоб Шнайттер / Марк Вальнерді тізе бүктірді – 6:4, 7:6 (10:8). Бұл Аррибаж үшін жұптық сындағы екінші, ал Оливетти үшін – үшінші титул.

Қатысушылар: әлемдік теннис элитасы және Қазақстан үміттері

Турнирге әлемдік деңгейдегі жұлдыздар: Карен Хачанов, Флавио Коболли, Алекс Михельсен, Ласло Джере, Артюр Казо, Джордан Томпсон және басқалар қатысты. Қазақстан намысын Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Әмір Омарханов, Тимофей Скатов, Михаил Кукушкин және Денис Евсеев қорғады.

"Алматыда ATP 250 турнирінің өткізілуі – үлкен құрмет және абырой. Бұл – теннистің дамуына және қаланың спорттық және туристік орталық ретінде кеңінен қанат жаюына қосылған үлес", – деп атап өтті Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский.

Спорт қана емес: фестиваль, концерттер және алмалар

Турнир фестиваль бағдарламасымен айшықталды, онда Қазақстан сахнасының жұлдыздары Димаш Құдайберген, Ninety One, Қайрат Нұртас, Alem, Мирас Жүгінісов және басқалар белсенділік танытып, өнер көрсетті. Димаш өзінің қазақ тіліндегі жаңа туындысы – "Самғау" әнін ұсынды.

Турнир тұғырнамасы – алма – Алматы символы

Турнир әріптесі – Amal Bio компаниясы тақырыптық іс-шаралар ұсынды:

  • атақты апортты дегустациядан өткізу,
  • агромәдениет және биоалуантүрлілік туралы білім беру дәрістері,
  • фотоаймақтың орталығына айналған "Алма" арт-исталляциясы қондырғысы.

Тақырыптық мерчті сатудан түскен қаржының бір бөлігі өңірде апорт бағын дамытуға бағытталды.

Almaty Open ATP 250 – 2025 турнирі теннистің тек жарыс қана емес, спорт, музыка, гастрономия және экологиялық құндылықтарды біріктірген көп қырлы мәдени оқиғаға айнала алатынын көрсетті.

Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау