• 21-11-2025

Баян Алагөзова ҚР еңбек сіңірген қайраткері атанды

Продюсер Баян Алагөзова ҚР еңбек сіңірген қайраткері атанды.

Бұл туралы продюсер Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Достар! Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын! Бүгін анамның арманы орындалды, мен ҚР еңбек сіңірген қайраткері атандым. Бұл марапатты мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қолынан алдым. Еліме қызмет етемін”, — деді продюсер.

Естеріңізге салсақ, актёр Болат Әбділманов пен актриса Меруерт Өтекешова халық әртісі атағына ие болды.