"Баянның соры болды деп жолыққан адам": Дана Нұржігіт Алагөзов туралы ел күтпеген мәлімдеме жасады
Белгілі тележүргізуші, журналист Дана Нұржігіт Астанада өткен Баян Алагөзованың шоуына қатысты өз ойын біл ...
Танымал блогер Мөлдір Анарбаева мен продюсер Баян Алагөзова арасындағы сәлем салу дәстүріне қатысты дауға нүкте қойылды.
Мөлдір Анарбаева желідегі парақшасында бұл дауды Баян Мақсатқызының өзі бастағанын атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Блогер өз сөзінде көпшілікті жер-жерге бөлінбеуге шақырды.
«Бөліне бермеңдерші құрысын, біз батыс, оңтүстік, солтүстік, шығыспыз деп. Бәріміз бір Қазақстанбыз ғой, бөлініп отырған апаңа айтыңдар. Мен ешкімді бөліп-жарып отырған жоқпын ғой.
Мен өзі бөлініп, мына жақтан ешкім шықпаған деген соң айттым. Оңтүстікте, біз жақта батыр туған аналар бар деп жатырмын ғой? Мен бастадым ба соны? Қойыңдаршы құрысын, онсыз да бөлініп жатырмыз.
Қаланың ішінде-ақ бөлініп жатырмыз, бізді атеист қылып жіберді. Атеист еместер былай қарай бөлінді, өздері бір қауым ел болды. Тыныштық керек бұл заманда. Бөлінбейміз, бөлінудің не керегі бар? Жан-жағымыздың барлығы анталаған соғыс. Бір-біріңе жақын болыңдар», — деді блогер.
Белгілі тележүргізуші, журналист Дана Нұржігіт Астанада өткен Баян Алагөзованың шоуына қатысты өз ойын біл ...
Белгілі блогер, тележүргізуші Мөлдір Анарбаева жәннәтті саудалаған мешім қызметкерлерін қатаң сынға алды. ...