Актер Еркебұлан Дайыров президенттер қатысқан іс-шарада сыйлық алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің және Әзербайжан президенттерімен бірге «Келеше ...
Бүгін Ақордада Республика күніне орай салтанатты жиын өткізген президент Қасым-Жомарт Тоқаев әртүрлі саланың адамдарын әртүрлі деңгейдегі ордендермен марапаттап, бірқатарына жаңа атақ берді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше этно-мәдени орталықтың өкіліне "Ел бірлігі" орденін табыстаса, мәдениет саласына еңбегі сіңген адамдарға "Қазақстанның халық әртісі" атағын берді.
"Мәдениет – ұлттың рухани дербестігінің кепілі. Сондықтан біз өмірін өнер жолына арнаған қайраткерлерге әрдайым құрметпен қараймыз. Руханиятымызға ерекше еңбек сіңіргені үшін белгілі өнер майталмандары – Болат Әбділманов, Тамараасар Жанқұл, Шынар Жанысбекова "Қазақстанның халық әртісі" атағына лайық деп танылды", – деп мәлімдеді Тоқаев.
Соннымен бірге мәдениет саласын дамытуға зор үлес қосқаны үшін Нина Жмеренецкая, Бақыт Қажыбаев, Зарина Алтынбаева және Әйгерім Алтынбек "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағына ие болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің және Әзербайжан президенттерімен бірге «Келеше ...
Республика күні қарсаңында еліміздің дамуына үлес қосқан мәдениет және ақпарат саласындағы 158 азамат мемле ...
Елімізде жыл сайын 19 қазанда кәсіби мереке – Құтқарушылар күні атап өтіледі. Биыл Қазақстан Республикасы Төте ...