Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл
Биыл Кеңес Одағының батыры, академик , жазушы Мәлік Ғабдуллиннің туғанына — 110 жыл. Осыған орай Ақмола об ...
Пәтерлер реновация және сатып алу бағдарламалары аясында берілді.
Мерекелік шара Көкшетаудың орталық алаңында өтті. Мұнда тұрғындар үшін жылы әрі қуанышты атмосфера қалыптасты. Балалар мен жастарға арналған спорттық және интеллектуалдық ойын алаңдары ұйымдастырылды. Жаңа пәтер иесінің бірі — Таслима Тоқбергенова. Ол ескі, тозған баспананың орнына заманауи тұрғын үй кешенінен жайлы пәтерге қол жеткізді.
Таслима Тоқбергенова, қала тұрғыны:
- Осы үйге мен ризамын. Алда Алла жазса бұйырғаны болады. Жылы үйде тұрғаннан артық не бар? Таза жер, жылы, үйдің ішінде барлығы бар. Есік алды қандай әп-әдемі!
Облыс әкімі Марат Ахметжанов өңір экономикасының өсімі мен тұрғын үй құрылысының қарқыны туралы айтты.
Марат Ахметжанов, облыс әкімі:
- Сатып алу және реновация арқылы әбден тозған, апатты үйлердің орнына жаңа үй салып, сол пәтерлемен тұрғындарды қамту мәселесі әрі қарай жалғасын табуда. Бұл бастамасы ғана. Енді жылдың аяғына дейін тағы 1 200 облысымыздың тұрғыны баспаналы болады.
Аймақта реновация бағдарламасының жүзеге асырылуы құрылыс саласына жаңа серпін берді. Ескілердің орнына заманауи, жайлы әрі инфрақұрылымы дамыған көпқабатты үйлер бой көтерді. Қазірдің өзінде 700-ден астам отбасы жаңа пәтерге көшіп үлгерді. Соңғы екі жылда 5 мың ақмолалық жаңа пәтер алды.
Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Аслан Әбутәліпов, Виктор Полянный
Биыл Кеңес Одағының батыры, академик , жазушы Мәлік Ғабдуллиннің туғанына — 110 жыл. Осыған орай Ақмола об ...
Аршалы ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Солардың бірі Бірсуат ауылын аудан орталығымен б ...
Ақмола облысында ер адам бұрынғы жұбайына тоғыз рет пышақ сұққаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп ...