Талғардағы адам ұрлау мен кісі өлімі: қылмыскер баламен бірге жардан құлаған
Талғардағы кеше ұрланған кішкентай қызға дәрігерлер сәтті ота жасап, тіліне сегіз тігіс салды. Бұл тура ...
Бүгінгі Талғар аудандық сотында өткен процессте "Шерзат ісінен" соң аты шыққан Хасан Қасымбаев өзіне тағылған айыптарға пікір білдірді.
Ол судьяға өз кінәсін толығымен мойындамайтынын айтқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сот залында айыптау актісін мемлекеттік айыптаушы таныстырғаннан соң судья Айнагүл Тұқыбаева Қасымбаевтан кінәсін мойындайтынын не мойындамайтынын сұрады.
– Кінәмді толығымен мойындамаймын, – деді Х.Қасымбаев.
Еске салайық, ол былтыр қараша айында қамауға алынған еді.
Бас прокуратура Талғардағы адам ұрлау мен ұрып-соғуға байланысты істі қайта қараған болатын.
Хасан Қасымбаевқа адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау баптары бойынша айып тағылып отыр.
Сот басталғаннан кейін айыпталушылардың адвокаттары прокурорды ауыстыру жөнінде өтініш түсіргенін бұған дейін де жазған едік.
Судья Айнагүл Тұқыбаева бұл өтінішті қанағаттандырып, мемлекеттік айыптаушы сот залынан шығарылды.
Бүгінгі күні Х.Қасымбаевпен бірге айып тағылған өзге тұлғалардың да есімі белгілі болды.
Талғардағы кеше ұрланған кішкентай қызға дәрігерлер сәтті ота жасап, тіліне сегіз тігіс салды. Бұл тура ...
Астанада блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегеноваға қатысты әкімшілік сот басталды. Олар курстар ар ...
Талғарда елдің әр түкпірінен көкпаршылар жиылып, қазір бәсеке қызған, деп хабарлайды 24kz. Алматы облысынд ...