Байлығы 228 млн долларға бағаланатын кәсіпкер «Ақтөбе» футбол клубына инвестор болады
Qazaq Stroy компаниясының негізін қалаушы әрі мажоритарлық акционер Нұрлан Артықбаев « Ақтөбе » футбол клубын ...
Астана және Шымкентте бу-газ қондырғыларын салу бойынша аукцион өткізу туралы жарияланды.
Қуаты шамамен 3,8 ГВт жаңартылатын энергия көздері мен 1,1 ГВт энергияны жинақтайтын жүйелерді құруға бағытталған ауқымды жобалар пысықталып жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Маневрлік генерацияны құруға бағытталған аукционды өткізу аясында Астана және Шымкент қалаларында бу-газ қондырғыларын салу бойынша аукцион өткізу туралы жарияланды.
"Жалпы аталған механизм оң нәтижелер көрсетуде және 2022 мен 2024 жылдары жалпы қуаты шамамен 2,5 ГВт болатын бу-газ қондырғыларын салу бойынша 8 жобаның инвесторларын анықтауға мүмкіндік берді. Қытайдан, Еуропадан және араб елдерінен келген стратегиялық инвесторлардың қатысуымен үкіметаралық келісімдер шеңберінде қуаты шамамен 3,8 ГВт жаңартылатын энергия көздері мен 1,1 ГВт энергияны жинақтайтын жүйелерді құруға бағытталған ауқымды жобалар пысықталуда", – деді Ерлан Ақкенженов.
2035 жылға дейін жоспарланған жаңартылатын энергия көздерінің электр энергияны тұрақсыз беруін ескере отырып, энергетикалық жүйенің сенімділігін арттыру үшін, оларды маневрлік бу-газ қондырғылары арқылы теңдестіру жоспарланып отыр.
Айта кету керек, бұған дейін 2029 жылы Қазақстанда электр қуатының тапшылығы жойылатынын жазғанбыз.
Qazaq Stroy компаниясының негізін қалаушы әрі мажоритарлық акционер Нұрлан Артықбаев « Ақтөбе » футбол клубын ...
Алынатын шикізат медициналық препараттар өндіруге пайдаланылады. Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар коми ...
Бразилияның Рио де Жанейро қаласында БРИКС-тің 17-саммиті аяқталды. Төрткүл дүниенің назарын аударған жиын ...