Семейде көшеде есінен танып қалған ер адам көз жұмды
16 желтоқсан күні Семей қаласында болған қайғылы оқиға туралы мәліметтер белгілі болды. Абай облысының жедел ж ...
Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жеребесі тартылды.
Алматылық "Қайратқа" бельгиялық "Спортинг-Андерлехт", ал "Семейге" польшалық "Пяст Гливице" қарсылас атанды.
1/8 финалдың алғашқы матчтары 24 қарашада, ал қарымта кездесулері 5 желтоқсанда өтеді.
Жеңімпаз болған сегіз команда екі матчтық ширек финалға жолдама алады. Бұл кезең келесі жылдың 23 ақпанында және 6 наурызында өтеді.
Турнирдің финалдық кезеңі 8 және 10 мамырда Италияның Пезаро қаласында ұйымдастырылады.
Айта кетейік, футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде "Қайрат" Португалияның "Спортинг", Косовоның "Приштина" және Хорватияның "Ново Вриеме" клубтарымен бір топта болып, алты ұпай жинап, екінші орын алған еді.
Ал "Семей" үш ұпаймен Испанияның "Пальма", Францияның "Этуаль" және Чехияның "Хрудим" клубтарымен бір топта үшінші орынға ие болды.
16 желтоқсан күні Семей қаласында болған қайғылы оқиға туралы мәліметтер белгілі болды. Абай облысының жедел ж ...
Қайрат Нұртас желіде 70 жастағы жанкүйеріне жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Естеріңізге с ...
Соңғы ойында алматылық ұжым Бельгияда 7:3 есебімен жеңіске жетсе, ал семейліктер "Пьяст" командасымен 3:3 есебімен тең ...