Әлемдегі ең ірі банктің бірі Ресейден кетеді
Қаржы ұйымы Ресейдегі соңғы активтерін сатып жатыр. Citigroup америкалық банк конгломераты Ресейдегі соңғы бизнесі ...
Конгресс ұзақ уақыт бойы бір мәмілеге келе алмады .
АҚШ сенаторлары шатдаунды аяқтауға бағытталған екі партия арасындағы келісімге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.
Ел үкіметінің жұмысы 40 күндей тоқтап тұрды. Бұған Конгрестің мемлекеттік қызметтерді қаржыландыру бойынша ортақ шешімге келе алмауы себеп болған. Бұған дейін АҚШ тарихындағы ең ұзақ шатдаун 35 күнге созылған. Ол Дональд Трамптың президенттік қызметінің бірінші мерзімінде болды.
"Шатдаунның аяқталуына аз қалды. Бұл туралы жуырда білесіздер", – деді Ақ үй басшысы Дональд Трамп.
Жалпы алғанда, сенаторлардың келісімге келуі шатдаунды тоқтатуға бағытталған алғашқы қадам болып саналады. Заң жобасы Сенаттан өткен соң Өкілдер палатасында мақұлдануы тиіс, кейін құжат Трамптың қол қоюына жіберіледі. Бұл жұмыс бірнеше күнге созылуы ықтимал.
Конгресс ұзақ уақыт бойы бір мәмілеге келе алмады. Өйткені демократтар Medicaid бағдарламасын қысқартуды тоқтатып, жыл соңында аяқталатын медициналық сақтандыруға арналған салық жеңілдіктерін ұзартуды сұрады. Алайда республикалықтар бұл талаппен келіспеді.
1 қазаннан бастап 1,5 миллионға жуық мемлекеттік қызметкер мен әскери қызметші ақысыз демалысқа жіберілді. Кейбірі жалақысыз жұмыс істеуге мәжбүр болды.
Қаржы ұйымы Ресейдегі соңғы активтерін сатып жатыр. Citigroup америкалық банк конгломераты Ресейдегі соңғы бизнесі ...
АҚШ бірпартиялы мемлекетке айналуы мүмкін. Бұл туралы кәсіпкер Илон Маск X желісіндегі парақшасында жазды, ...
АҚШ-тағы жаңа жылдық мерекелік бөлшек сауда көлемі биыл алғаш рет 1 трлн долларға жеткелі тұр. Аталған сала ...