2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
Спортшы 2026 жылы өтетін жарыстарға қатысуды жоспарлап отыр.
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов үлкен спортқа оралатын уақытын мәлімдеді. Дзюдошы бұл туралы Алматы қаласының Спорт басқармасына берген сұхбатында хабарлады.
"Олимпиада ойындарынан кейін мансабымды аяқтайтынымды айтқан жоқпын. Әрі ары қарай күресуді жалғастыратынымды мәлімдегенмін. Сондықтан қазір жарақаттан кейін қалпыма келу үстіндемін. Әрине, естіген шығарсыздар, маған ота жасалды. Қазіргі уақытта оңалту кезеңіндемін. Сол себепті иық толық жазылғанын күтіп отырмыз.
Егер бәрі жақсы болса, осы жылдың желтоқсан айынан бастап жаттығуды бастаймын. 2026 жылы жарыстарға қатысуды жоспарлап отырмын. Бірақ нақты қай турнирге және қашан қатысатыным әзірге белгісіз.
Турнирлерге қатысуым жарақаттың жағдайына, жаттығу барысына, қалпыма келуге және спорттық формаға келуіме байланысты болады", — деді Сметов.
Сметов үшін соңғы ресми турнир — 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындары болды, онда ол 60 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған еді. Спортшының айтуынша ең басты мақсаты мансабындағы төртінші Олимпидаға, яғни Лос-Анджелесте өтетін төртжылдықтың басты додасына қатысу.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
Ұлттық құраманың спорттық киімі демеушілер есебінен сатып алынған. Туризм және спорт министрлігінде 2026 жылғы ақп ...
Халықаралық Олимпиада комитетінің Атқарушы комитеті АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойынд ...