Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінен әйелдің мәйіті табылды
Оқиға таңғы 6:30 шамасында қаладағы тұрғын үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды Egemen .kz. Алдын ал ...
Тұрғын үй инспекциясының өкілеттіктері кеңейтілді.
Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның жобасы мен оған ілеспе заңдар бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Депутат Нұртай Сабильяновтың сөзінше, аталған заң жобалары көппәтерлі үйлерге қызмет көрсетуді жақсартуға және осы салада заңнаманы жетілдіруге бағытталған.
"Заң жобаларында пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) құқықтары, міндеттері және оларға қойылатын талаптар қарастырылған. Енді КСК-ларға көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсету үшін пәтер иелерінің жиналыстарының шешімі қажет болады. Заң жобасында "жай серіктестік" ұғымы алынып тасталады. Сондай-ақ меншік иелерінің бірлестіктері ортақ мүлікті басқару және күтіп-ұстау құқығын иеленеді. Яғни, енді меншік иелерінің бірлестіктерінде (ОСИ) өздерінің жұмысшыларды алуға мүмкіндік туады. Бұдан басқа ашықтықты арттыру үшін заң жобалары басқару субъектілерінің ақпараттық жүйелерде қаражаттың жұмсалуы мен жинақталуы туралы ай сайынғы есептілікті міндетті түрде орналастыру бөлігінде өзгерістер ұсынылған", — деді ол.
Тұрғын үй инспекциясының өкілеттіктері кеңейтілген.
Мәжіліс ұсынған ақпаратқа сәйкес, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша енгізілген түзетулерге сәйкес, пәтер иелері кооперативтері бұдан былай шаруашылық жүргізудің дербес нысаны болмайды. Енді олар ортақ мәселелерді (мысалы, аумақты тазалау, лифтілерді пайдалану) ыңғайлы басқару үшін бірнеше үйді біріктіретін бизнес құрылымдар ретінде қарастырылатын болады.
Сонымен қатар барлық пәтер иелері кооперативтері міндетті түрде қайта тіркеуден өтіп, жаңа жарғылар алып, коммерциялық емес ұйым аясында қатаң түрде жұмыс істеуі қажет. Мұндай кооперативтердің кірістерін мүшелер арасында бөлуге болмайды, бірақ экономикалық қажеттіліктерге жұмсалуы керек.
Бұдан басқа тұрғындар көпқабатты үйлерді басқару нысанын таңдай алады.
Заң жобасы тұрғындарға өз үйін кім және қалай басқаратынын таңдаудың нақты мүмкіндігін ұсынады. Екі негізгі нұсқа бар:
Бұл ретте жай серіктестіктер жойылмайды, олар тек бірлескен басқару тұжырымдамасына біріктіріледі.
Пәтер иелері басқару процесін қалай ұйымдастыру керектігін еркін таңдай алады: