Заманауи зауыт жылына жетпіс мың тонна жеміс өңдейді
Алматы облысында көкөністер пен жемістерді (жылына 70 мың тонна) терең өңдейтін зауыт құрылысы басталды. Заманауи өң ...
"Құдай үлкен сынақ берген" деп айтпақ болғанмын, деді Алматы облысы әкімінің орынбасары.
"Мүгедектерді Алла Тағала жазалады" деген Алматы облысы әкімінің орынбасары даудың астында қалды. Шенеунік халықпен кездесуде онсыз да "жазаланғандарды" одан әрі жазаламауды сұраған. Ойланбай сөйлеген шенеуніктің сөзі көптің ашуын тудырды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро бағдарламасы.
"Олар мұны тек орынсыз пікір емес, мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған ауыр соққы дейді. Сондықтан желі қолданушылары мемлекеттік қызметркелдің ісі мүлде кешірілмейтінін жазып, орынбасардың жауапкершілікке тартылуын талап етіп отыр», – делінген арнаның хабарламасында.
Ал Қанат Есболатовтың өзі желідегі парақшасында кешірім сұрап, ойын дұрыс жеткізе алмағанын айтты. Оның сөзінше, "Құдай үлкен сынақ берген" дегісі келген.
"Келген азаматтардың арасында бірқатар мүмкіндігі шектеулі жан болды. Кейбірі тік тұрып, өз кезегін күтті. Кезегі жеткенде залдағы бірнеше адам сөзін бөліп, оған кедергі жасай бастады. Регламентті сақтауға шақырдым. Алайда орыс тілінде айтқан сөзімде қателік бар. Ойымды дұрыс жеткізбеппін. "Құдай үлкен сынақ берген» деп айтпақ болғанмын. Айтқан сөзім көпшіліктің көңіліне, тіпті намысына тигенін де түсіндім. Осы үшін шын ниетіммен кешірім сұраймын», – деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Канат Есболатов (@esbolatovkanat)
Алайда жұрт тек кешірім сұрау жеткіліксіз, сондықтан қызметкерге қатаң сөгіс жариялау қажет деп санайды.
Оқи отырыңыз:
Алматы облысында балықшыларға оқ атқан адам 15 жылға сотталды
Соққыға жыққан ба? Алматы облысында 14 жастағы жеткіншек қаза болдыАлматы облысында көкөністер пен жемістерді (жылына 70 мың тонна) терең өңдейтін зауыт құрылысы басталды. Заманауи өң ...
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,5 млрд теңгеге немесе 11,4%-ға жоғары (01.12.2024 ж. жа ...
Алматы облысында индустриялды-логистикалық парк ашылды. Бастама өңірде халықаралық талаптарға сай жүк сақта ...