• 29-04-2026

«Мұндайды бұрын естімегенмін»: Актер Бекжан Тұрыс 400 мың доллардан неге бас тартқанын айтты (ВИДЕО)

Актёр Бекжан Тұрыс өзіне ұсынылған 400 мың доллардан бас тартып, ауылына су тартқан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Актёр ол туралы QazaqAiran YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

«400 мың долларды алған жоқпын. Маған ұсынды, режиссёр Арман Қарабаев. Сол хабарласты: «Бекжан, бір жерде беташу керек, сенің беташарың күшті ғой деп. Барғаннан кейін күтіп алды.

Бір кісі шықты: «Өй, мынау Бекжан ғой» деді. Сол беташатын үйдің әкесі екен. Беташтым, содан кейін шыны керек үлкен ақша түсті.

400 жете ме деді, түсінбесем де: «иә» дедім. Болды деді, сейфті ашты. Сейфті ашқаннан кейін, ана ақшаны көріп, көзім тоқтап қалды. 400 мың дедің бе деді, бірден түсіндім маған ұсынып жатқанын.

«Ойбай» мынаны мен алмаймын дедім. Осыны шын маған беретін болсаңыз, менің ауылымы су шығарып беріңізші дедім. Бір адамнан мынадай естіген жоқпын, нағыз еркексің, әкеш қолыңды», — деді.