«Мұндайды бұрын естімегенмін»: Актер Бекжан Тұрыс 400 мың доллардан неге бас тартқанын айтты (ВИДЕО)
Актёр Бекжан Тұрыс өзіне ұсынылған 400 мың доллардан бас тартып, ауылына су тартқан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат пор ...
Танымал актёр әрі аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар “TalkLike” берген сұхбатында құрметті атақ алғаны үшін өзін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесінің айтуынша, өзіне бұл атақтың не үшін берілгені жөнінде сұрайтындар көп. Ал ол мұның жауабын өзінен емес, жауапты тұлғалардан сұрау қажет екенін айтты.
“Маған бұл атақтың не үшін берілгенін сұрап жатқандар көп. Адамдар сұрақты маған қойып жатыр. Оны маған емес, берген адамға қою керек деп ойлаймын. Маған берді, мен алдым. Бұл атақты беруді әкім шешпейді немесе халық таңдамайды. Мені халық таңдаған жоқ, бұл депутаттыққа немесе әкім болуға сайлау емес қой. Атақты халық таңдаса да алар едім, әлеуметтік желіге салсам, оқырмандарым мені қолдар еді. Мен оқырманым көп, шамамен 1,4 миллион қолданушы, мені бәрі жақсы көреді. Бірақ бұл дауыс берумен шешілетін дүние емес, жоғарыдағылар осылай шешкен екен. Оның себебін мен де сұраған жоқпын, өйткені маған келіп-кетер пайдасы жоқ. Мен бұл үшін мемлекеттен ақша алмаймын ғой. Тегін емделуге болады дегенді естідім, маған ол да қажет емес, менің өжеке дәрігерлерім бар, оларға ақша төлеп қараламын”, – деді ол.
Актёр бұл атақтың оған берілуін үлкен жетістік деп бағалады.
“Награда берілді, мен қолын қайтармай алдым, өйткені бұл үлкен жетістік. Өте қатты қуандым. Лайық немесе лайық емес екенімді берген адам шешетін шығар. Қалғандары сөйлей береді, айта берсін, мен олардың аузына қақпақ болмаймын”, – деді ол.
Актёр Бекжан Тұрыс өзіне ұсынылған 400 мың доллардан бас тартып, ауылына су тартқан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат пор ...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің және Әзербайжан президенттерімен бірге «Келеше ...
Қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов аралас жекпе-жек әлеміндегі әріптесі Еркебұлан Тоқтармен бокс ережесі бойынш ...