Дипфейк: Қаржылық алаяқтықтың жаңа тәсілі туралы не білеміз?
Жасанды интеллектке негізделген дипфейк технологиясын алаяқтар қаржылық қылмыстар жасау үшін белсенді қолдана ...
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу барысында қолданылатын жасанды интеллект моделін әзірлеп жатыр
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Жасанды интеллект медициналық құжаттардан деректерді тану және құрылымдау жүйесі ретінде пайдаланылмақ. Бұл ұсынылған мәліметтердің толықтығын анықтау, диагноздарды еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесімен (ауру түрлерінің халықаралық жіктемесіне сәйкес) салыстыру, сондай-ақ қорытынды шешім бойынша ұсынымдар беру сияқты процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Бұл құралды енгізу рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етіп, барлық кезеңде адами факторды жояды, мүгедектік тобын анықтау кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады. Қазіргі уақытта ЖИ моделін оқыту, электрондық құжаттарды ұсыну үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау, клиникалық диагнозды растайтын барлық емдеу-диагностикалық, зертханалық және аспаптық зерттеулерді цифрландыру және құрылымдалған түрде беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дайындық кезеңі аяқталғаннан кейін куәландырудың жаңа форматын пилоттық режімде апробациялау жоспарланып отыр.
Жасанды интеллектке негізделген дипфейк технологиясын алаяқтар қаржылық қылмыстар жасау үшін белсенді қолдана ...
Құмкөл кен орнында жасанды интеллект алғаш рет нақты өндірісте қолданылды. Отандық ғалымдар жасап шығарған цифрлық ж ...
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп мемлекеттік онлайн-сервистерге кіру ереж ...