Қазақстанда гидтер мен қонақүйлердің қызметі қашан реттеледі
Қазіргі таңда "Туристік қызмет туралы" заңның осы салаларға қатысты тұстарына түзетулер жобасы әзірленген. ...
Алғашқы бірлескен жобаның түсірілімі 2026 жылға жоспарланған.
Үндістандағы 55-ші IFFI халықаралық кинофестивалінде Қазақстан туризмінің медиа-амбассадоры және халықаралық жобалардың продюсері Надира Ахонова шетелдік кинематографистерге Қазақстанды перспективалық бағыт ретінде таныстырды, деп хабарлады Kazakh Tourism ұлттық компаниясы.
"Біз Қазақстанға ірі халықаралық жобаларды тарту мақсатында шетелдік киноөндірушілермен келіссөздерді белсенді жүргізіп жатырмыз. Үндістандық продюсерлер мен студиялар елге қызығушылық танытып, көркем және деректі фильмдер түсіру мүмкіндігін қарастыруда. Алғашқы жобамыз бойынша Алматыда рекогносцировка жүргізіліп, даладағы және таудағы локациялар таңдалды. Сондай-ақ, жергілікті мамандардан құралған команданы қалыптастыру басталды. Бұл туристік әлеуетімізді кино арқылы паш етумен қатар екіжақты шығармашылық ынтымақтастықты дамытуда маңызды қадамға айналады", – деді Надира Ахонова.
Компанияның мәлімдеуінше, жаңа фильм Қазақстанның туристік әлеуетін Үндістан тұрғындарына және әлемнің басқа елдеріне таныстырады. Кинокартинада бірегейлік, мәдени өзара әрекеттестік және адами құндылықтар тақырыптары қамтылады.
Халықаралық жобаның түсірілімі Қазақстанның тартымды креативтік алаң ретіндегі имиджін нығайтуға септігін тигізеді.
Оқи отырыңыз:
Үндістан премьері әлемде спутник ұшыру бойынша көшбасшы болу мақсатын жария етті
Қазақстан мен Үндістан білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықты күшейтедіҚазіргі таңда "Туристік қызмет туралы" заңның осы салаларға қатысты тұстарына түзетулер жобасы әзірленген. ...
2025 жылдың алғашқы он айында Шри-Ланка туризм саласынан 2,66 млрд доллар табыс тапты, деп хабарлайды Синьхуа аге ...
Биыл Қазақстанға келетін оңтүстіккореялықтардың саны рекордтық деңгейге жетеді. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Пусан ...