Президент Жапония Үкіметінің Ақтау портындағы кедендік рәсімдерді жетілдіруге атсалысу шешімін құптады
Мемлекет басшысы Жапония Үкіметінің Ақтау портындағы кедендік рәсімдерді жетілдіруге атсалысу туралы шешімін құптады ...
Ақтау қаласы – Түркі әлемінің мәдени астанасы 2025: Ірі мәдени іс-шаралар мен халықаралық фестивальдер өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Ақтау — Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында 2025 жылдың сәуір айынан бастап түркітілдес мемлекеттер арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, оны әлемге таныту мақсатында түркітілдес мемлекеттер өнерпаздарының қатысуымен көптеген мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл туралы Маңғыстау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Нұртас Сали мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, қазіргі таңда тек Ақтау қаласында ғана емес, Маңғыстау өңірінде аталған мәртебеге сай іс-шараларды лайықты ұйымдастыру мақсатында қызу дайындық жүріп жатыр.
Аталған ірі іс-шаралар Маңғыстау өңірін әлемдік деңгейде танытуға мүмкіндік береді. Ұйымдастырылатын барлық мәдени шаралар кестеде көрсетілген, — деді Нұртас Сали.
Мемлекет басшысы Жапония Үкіметінің Ақтау портындағы кедендік рәсімдерді жетілдіруге атсалысу туралы шешімін құптады ...
Бүгін Ақтау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылысы тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға қаладағы көп ...
Ақтауда жүргізушілер газ құю үшін тағы да сағаттап кезекте тұрғанына шағымданды, — деп хабарлайды Massaget.kz ...