Шымкентте науқастың бүйрегін емдеп, қайта өзіне салды
Бұл – науқастың өз бүйрегін алып, қайта қалпына келтіріп, өз ағзасына қайта отырғызу арқылы жасалатын аса күрделі опер ...
Шымкентте танымал әнші Садраддиннің концертіне жиналған жұртбірін-бірі таптап, 15 адам талып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әншінің концерті 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған. Желі қолданушыларының бірі концерт өткен алаңдағы оқиғаның видеосын жариялады.
“8 наурызда Садраддиннің концерті өтті. Адам өте көп болды. Бүкіл Шымкент сол жақта жүргендей. 10-15 шақты адам талып қалды. 25-30 шақты адамды жақындары іздеп жүрді. Полицей шақырдық. Толқын сияқты адамдар тербеліп тұрды. City Mall-дың ішінде де адам толы болды. Үйге кешкі 10-да бір-ақ жеттік. Садраддин үш ән айтты да, кетіп қалды. Тіпті, көрермен концертті бастан-аяқ көре алған жоқ. Ол жақтағы сұмдықта сөзбен айтып, жеткізу мүмкін емес. Тегін болғасын бүкіл халық барған”, – деп жазды желі қолданушысы.
Өнер иесі өзі де халықты сабырға шақырып, тәртіп сақтау керегін ескерткен.
“Сіздерден өтініш, кішкене әрі тұрсаңыздар! Артқа қарай, сахнадан түсіп тұрыңыздар! Өйткені алда кішкентай балалар отыр”, – деді әнші.
@kosmdiana #шымкентситимолл #шымкент #садрадин❤️???? ♬ оригинальный звук — .
Бұл – науқастың өз бүйрегін алып, қайта қалпына келтіріп, өз ағзасына қайта отырғызу арқылы жасалатын аса күрделі опер ...
Шымкентте тұратын 12 жастағы Әлтайыр Ерназаров соңғы жеті жылда 650 кітап оқыған, деп хабарлайды Egemen.kz. ...
2023 жылдың 24 ақпанында Darkhan Juzz сахналық атымен танылған қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбеков Таиланд ...