Ботаникалық бақта бәйшешек гүлдеді
Алматының бас ботаникалық бағы алғашқы галантус гүлдегенін хабарлады. Бұл нәзік өсімдіктерді халық арасында бә ...
Қызыл кітапқа енген Алатау бәйшешегі (Crocus alatavicus) қыста гүлдеді. Бұл туралы Іле Алатау ұлттық паркінің баспасөз қызметі хабарлады. Әдетте бәйшешектің бұл түрі наурыз немесе сәуір айында ғана гүл ашқан, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық парк мәліметінше, бәйшешектің ерте гүлдеуіне биылғы ауа райының тұрақсыздығы мен жылы болуы әсер еткен.
«Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық паркі сирек кездесетін бұл құбылысты бақылап отыр. Туристер мен табиғат сүйер қауымнан өсімдіктерді жұлмай, таптамай және олардың табиғи ортасын сақтауды сұраймыз», делінген хабарламада.
Алматының бас ботаникалық бағы алғашқы галантус гүлдегенін хабарлады. Бұл нәзік өсімдіктерді халық арасында бә ...