Сот Қуандық Бишімбаевтың алиментті азайту туралы өтінішін қанағаттандырмады
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев балаларына төлейтін алимент мөлшерін азайту туралы сотқа ө ...
Бір ғана алименттік өндіріп алу ісі бойынша 196 млн теңгеден астам қаржы қайтарылып, рекорд орнады. Алимент 10 жыл бойы төленбеген екен. Аталған күрделі іспен астаналық жеке сот орындаушы Мейрам Әбдіков айналысып, сәтті аяқтап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Табысын жасырған төрт баланың әкесі, әрі ірі бизнес иесі – сот шешімдері мен орындаушы қаулыларын бірнеше рет даулаған екен. Қарыздың нақты көлемін анықтау үшін жеке сот орындаушы (ЖСО) кең ауқымды тексеріс жүргізіп, Мемлекеттік кірістер комитетінен, банктерден, жұмыс орындарынан мәліметтер алып, барлық қаржылық операцияларды зерттеген.
Ақпарат беруден жалтарған борышкерге қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізілгеннен кейін ғана ол нақты табысын ашуға мәжбүр болған. Одан кейін өткен оннан аса сот отырысында барлық шешімдер орындаушының пайдасына шығарылды.
Нәтижесінде бір жылдың ішінде 140,6 млн теңге негізгі қарыз және 56 млн теңге өсімпұл, жалпы сомасы 196 млн теңге өндіріліп алынды.
Республикалық жеке сот орындаушылары палатасы алғыс хат жолдап, Мейрам Әбдіковтің кәсібилігі мен табандылығын атап өтті.
«Алимент өндіру – әлеуметтік маңызы зор санат. ЖСО-ның жұмысы балалардың қаржымен қамтылуына тікелей әсер етеді», делінген хатта.
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев балаларына төлейтін алимент мөлшерін азайту туралы сотқа ө ...
Өткен жылы баласына алимент төлемегені үшін 4,5 мыңнан астам борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ...