Бишімбаевтың анасы қыруар ақшаны қайдан алғанын ашық айтты
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова сотта 990 мың долларды ...
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев балаларына төлейтін алимент мөлшерін азайту туралы сотқа өтініш түсірді.
Алайда Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұл талапты қанағаттандырудан бас тартты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сот отырысында Бишімбаев пен оның бұрынғы жұбайы Назым Қахарман арасындағы 2020 жылы жасалған нотариалдық келісім қаралды. Келісімге сәйкес, Қуандық Бишімбаев үш кәмелетке толмаған баласын асырау үшін ай сайын әр айдың 20-сына дейін 1,6 миллион теңге көлемінде алимент төлеуге міндеттелген.
Экс-шенеунік соттан алимент мөлшерін азайтуды сұрады. Ол жазасын өтеп жатқанын және табысы жоқ екенін алға тартты. Сонымен қатар, келесі тармақтарды келісімнен алып тастауды ұсынды:
Сот талапты қарастыра келе, келісімге өзгеріс енгізуге негіз жоқ деген шешім шығарды.
– 2024 жылдың тамызында талапкер өз мүлкін үшінші тұлғаларға сыйға беру арқылы өзінің материалдық жағдайын әдейі нашарлатқаны анықталды. Ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылғанына және табыссыз отырғанына қарамастан, алимент төлеу міндетін өз иелігіндегі мүлік арқылы өтеуге нақты мүмкіндігі болған. Бұл жағдай талапкердің адал емес әрекеті ретінде бағаланды. Балалардың құқығы мен мүддесін ескере отырып, сот талап арызды қанағаттандырудан бас тартты, – деп мәлімдеді сот.
Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова сотта 990 мың долларды ...
«Таза Қазақстан » онлайн-платформасы арқылы ақмолалықтардан 260 өтініш келіп түсті. Тұрғындар негізінен аб ...
Конкурсқа қатысу үшін 112 873 өтініш қабылданды. Жоғары білімді кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік біл ...