АҚШ-та белгісіз біреулер қырғызстандық отбасыны өлтіріп кетті
Әлеуметтік желі қолданушылары АҚШ-та жұмбақ жағдайда өлтірілген қырғызстандық отбасының денелерін елге жеткізу ...
АҚШ пен Украина ортақ мәмілеге келді . Киев Вашингтон ұсынған 30 күндік атысты тоқтату туралы ұсыныспен келісті, деп хабарлайды 24kz.
Бұл шешім сегіз сағатқа созылған Жиддадағы кездесу барысында қабылданды. Әлем көз тіккен ауқымды басқосуда тағы қандай маңызды мәселелер қаралды?
Маңызды жиында Украина тарапы әуе кеңістігі мен теңіздегі әскери әрекеттерді тоқтатуды талқылауды мақсат еткен еді. Алайда АҚШ делегациясы келісімнің ауқымын кеңейтіп, барлық майдан шебіндегі әскери қақтығысты 30 күнге тоқтату туралы ұсыныс жасады. Киев бұны қабыл алды. Бұған қатысты қос елдің президенттері үнсіз қалған жоқ.
Владимир Зеленский, Украина президенті:
- Келіссөз барысында АҚШ тарапы бізге алғашқы қадамды жасауды ұсынды. 30 күн атысты толық тоқтатуға келістік. Бұл әуеде дрондар мен зымырандардың ұшуын ғана тоқтату не Қара теңізге тыныштық орнату емес, майданның барлық шебіндегі ұрыс қимылдарын тоқтату деген сөз. Вашингтон біздің айтқанымызға құлақ асты. Делегацияларымыздың арасындағы жемісті мәміле үшін Президент Трампқа алғыс білдіремін.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
- Украина және бітімгерлік келісім. Жиддадағы келісімнің нәтижесі осындай болды. Біз енді Ресеймен байланысамыз. Президент Путин келіседі деп үміттенемін. Әйтпесе, қазіргі жағдай өте қиын. Апта сайын мыңдаған сарбаздар мерт болып жатыр, қарапайым тұрғындар да көп зардап шегіп жатыр. Өткенде Ақ үйде болған дауға қарағанда қазір дұрыс жолға түстік. Украина атысты тоқтатуға келісті. Енді Ресей келісуі керек. Келіспесе, соғыс жалғаса береді. Сарбаздар өлімі тоқтамайды.
Дональд Трамп БАҚ өкілдерінің: «Зеленскийді Ақ үйге қайта шақырасыз ба?» деген сұрағына, іркілместен: «Әрине» деп жауап берді. Киев те қол қойылмай қалған сирек минералдар бойынша келісімді қайта жандандырғысы келетінін жасырмады. Олар: «Америка тарапы қай уақытты ыңғайлы деп тапса, біз сол уақытқа әзірміз. Біздің тарапымыздан қажетті жұмыстар тас-түйін дайын» деп мәлімдеді. Ендігі кезек Мәскеуде.
Авторлары: Әсия Нұрлыбаева, Ердана Ержанұлы