Қазақстан мәдени мұраны қорғау жөніндегі Азия альянсының жиынына қатысты
Бас Ассамблея мен Кеңес жұмысына 200-ден астам делегат қатысты. Чунцин қаласында Азиядағы 20-дан астам мемлеке ...
Ғалымдар жазба 1834 жылы хатқа түскенін анықтап, оны қазіргі таңда еліміздегі ең көне нұсқа деп бағалап отыр.
Түркістан облысының Сауран өңірінен Қожа Ахмет Ясауидің "Диуани хикмет" еңбегінің бұрын белгісіз болып келген көне қолжазбасы табылды. Құнды жәдігер ресми түрде "Әзірет Сұлтан" ұлттық тарихи-мәдени музейіне тапсырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл жаңалық туралы "Ясауитану" ғылыми орталығының басшысы Сайпулла Моллақанағатұлы баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша, қолжазбаға саурандық Еркін Сапаровтың бастамасымен қол жеткізілген. Еркін ақсақалдың туысы Алимжан Рамазанұлының шаңырағында бірнеше көне кітаптар ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде сақталып келген. Зерттеу нәтижесінде жалпы саны 17 қолжазба мен сирек кітап алынған, олардың ішінде бірінің Ясауидің хикметтер жинағы екені дәлелденді.
Сайпулла Моллақанағатұлының айтуынша, кітаптың қағазы қалың, мұқабасында ерекше таңба бар, ал мәтін араб-парсы тілдерінде, шағатай дәстүріне сай жазылған. Жинақ 120 хикметтен тұрады, оның 39-ы ғылыми ортада бұрын кездеспеген жаңа мәтіндер. Сарапшылар бұл қолжазбаның табылуы Ясауи мұрасын зерттеуге тың серпін беретінін атап өтті.
Айта кетейік, "Ясауитану" ғылыми орталығы биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен "Әзірет Сұлтан" музей-қорығының базасында құрылған.
Бас Ассамблея мен Кеңес жұмысына 200-ден астам делегат қатысты. Чунцин қаласында Азиядағы 20-дан астам мемлеке ...
Парижде қазақстандық танымал суретші Раушан Мамбекованың жеке көрмесі ашылды. Ол 1990 жылдардың басында е ...