“Манипуляция“. Руслан Берденов әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады
Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Massag ...
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өзінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты алғаш рет пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
6 тамыз күні Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиембайға қатысты басты сот отырыс өтті. Күдіктіні тергеу барысында, ол тың деректерді жария етті. Оның айтуынша, Руслан Берденов Ернардан өзін өлтіруге Ғабит Сыздықбеков тапсырыс берді деп айтуды сұраған.
Бұл оқиғаға қатысты Шымкент әкімі «Сыздықбеков Берденовке қастандық жасауға тапсырыс берді» деген сөзіне қатысты былай деді:
«Әр адам өз пікірін айтуға құқылы. Менің бұл іске қатысым бар деген әңгіме – бос қауесет, өздерінің мәселесі. Менің оған қандай қатысым болуы мүмкін? Әрине, адам өзін қорғау үшін бәрін жасайды. Іс аяқталды, сот шешім шығарды, бұл тақырыпты қайта-қайта көтерудің қажеті жоқ деп ойлаймын», деді Сыздықбеков.
Ол сондай-ақ желіде тараған түрлі болжамдар мен әңгімелерден хабардар екенін айтты.
«Кейбір тұрғындар «осы адам келгенде (Берденов туралы – ред.) қала жарқырап шыға келді» деп жазған. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Ол кезде ол қызметіне кіріскеніне бір ай да толмаған, жұмыстың жайына енді ғана қанығып жатқан. Одан кейін не болғанын өздеріңіз білесіздер», деді әкім.
Сыздықбековтің айтуынша, Берденов қызметінен өз еркімен кеткен.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың 21 сәуірінде Шымкент қаласы әкімдігі жанында белгісіз ер адам әкімнің орынбасары Руслан Берденовке оқ атты. Шенеунік жараланып, ауруханаға жеткізілген еді.
Кейінірек оқ атқан адамның 31 жастағы Ернар Жиембай екені анықталды. Ол Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 1-бөлігі бойынша – «Кісі өлтіруге оқталу» айыбымен жауапқа тартылды.
18 тамызда өткен сот отырысында айыпталушы Ернар Жиембай жәбірленуші шенеуніктен кешірім сұраған еді.
20 тамызда Ернар Жиенбай кінәлі деп танылып, орта қауіпсіздік мекемесінде 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, жәбірленушіге 30 АЕК (2025 жылы – 117 960 теңге) өтемақы төлеуге міндеттелді.