«Нәтижесін күтіп отырмыз»: Министр Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты пікір білдірді
Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлына қ ...
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қоғамда жиі талқыланған тақырыпқа нүкте қойды.
Алматыдағы Халықаралық жас ғалымдар конгресінде сөз сөйлеген министр пәндерді біріктіріп оқыту жөніндегі бастамаға тоқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Қазіргі таңда біздің қоғамда жаратылыстану пәндерін қосып оқытуға байланысты, яғни, химия, физика, биология пәндерін бір пәнге біріктіру туралы қызу талқы жүріп жатыр. Енді бұл пәндер кіріктірілмейтін болды. "Физика" физика ретінде, "химия" химия ретінде, "биология" биология ретінде бөлек оқытылатын болады. Әрқайсысы жеке пән ретінде өз мәртебесін сақтап, пәндерді біріктіру реформасы бүгіннен бастап тоқтатылатын болады", – деді министр Жұлдыз Сүлейменова.
Министрлік ұстанымынша, жаратылыстану пәндерін жеке оқыту мектеп жасында оқушылардың фундаменталдық ғылымды терең, жүйелі меңгеруге толық жағдай жасауға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлына қ ...
Мемлекет басшысы озық шешімдерді мемлекеттік басқару саласына енгізуде Жапония тәжірибесіне назар аударуға шақырды. ...
Бүгінде үміткерлер ESTA анкетасын толтыру барысында негізгі жеке мәліметтерін ғана көрсетеді. АҚШ-қа визасыз кіре а ...