• 13-03-2025

Хромтаудағы жарылыстан кейін күйік шалған кенші қайтыс болды

Естеріңізге салайық, 28 ақпанда «Болашақ» кен орнында бұрғылау жұмыстары кезінде 4 адам тұтанған оттан күйіп қалған еді. Екі кенші Хромтау ауруханасының травматология бөліміне жатқызылған болатын. Оның бірі реанимацияға түсіп, кейін санавиациямен көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізілді.

Науқас жасанды желдету аппаратына қосылған еді. Бірақ көрсетілген ем-домға қарамастан, 7 наурызда кенші ауруханада көз жұмды. Осы оқиға бойынша полиция «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Нұрлан Әбішев, комбустиолог:

- Науқастың жағдайы өте ауыр болды түскен кезде. Реанимация бөлімінде жатты үш күн. Шокқа қарсы ем қабылданды. Үш күннің ішінде телемедицицнамен Астанадағы әріптестерге шығып, консультация алып, үш күн ем қабылдап жаттты. Жарақатының ауыр болуына байланысты науқас қайтыс болды.