Елге қайтарылған өзбекстандық мигранттар шығынды өздері өтейді
Депортацияланған өзбекстандық мигранттар елге қайту шығынын өздері өтеуге тиіс. Көрші мемлекеттің үкіметі депортац ...
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның 2030 жылға дейінгі көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасының жобасын әзірледі.
Қазіргі уақытта құжат Үкіметте қаралып жатыр.
Тұжырымдаманың басты мақсаты – мигранттарды сапалы іріктеуге, көші-қон ағындарының теңгеріміне және адами капиталды дамытуға негізделген қауіпсіз әрі басқарылатын көші-қон жүйесін қалыптастыру.
Құжатта көші-қонды мониторингілеудің бірыңғай цифрлық жүйесін құру, еңбек көші-қонын реттеу және ынталандыру, сондай-ақ сыртқы көші-қонды басқару тетіктерін жетілдіру көзделген. Ерекше назар ішкі қоныс аударушылар мен қандастарды қолдауға, сондай-ақ білікті шетелдік мамандарды тартуға аударылады.
Министрлік мәліметінше, тұжырымдаманы іске асыру қосымша бюджет қаражатын талап етпейді. Оны жүзеге асыру үшін 73 іс-шара мен 14 нысаналы индикаторды қамтитын іс-қимыл жоспары дайындалған.
Депортацияланған өзбекстандық мигранттар елге қайту шығынын өздері өтеуге тиіс. Көрші мемлекеттің үкіметі депортац ...
Лос-Анджелес мэрі қаладағы мигранттарды тексеру шараларын тоқтатуға шақырды. Карен Басстың айтуынша, көші-қон поли ...
АҚШ-тың Колумбия округінің соты АҚШ-тан мигранттарды жаппай қудалау шарасын шектеді, деп хабарлайды 24kz. ...