Америкалықтардың 57 пайызы Трамп саясатын тұрақсыз санайды – Сауалнама нәтижесі
АҚШ азаматтарының шамамен 70 пайызы президент Дональд Трамп енгізген тарифтердің азық-түлік пен күнделікті ...
Мәскеудің қазіргі геосаяси жағдайға қатысты ұстанымы белгілі болды.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров америкалық блогерлерге – Марио Науфалға, Эндрю Наполитаноға Ларри Джонсонға әлемдегі геосаяси ахуалға қатысты сұхбат берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ресей СІМ ресми сайтына сілтеме жасап.
"Меніңше, қазір АҚШ-та болып жатқанды қалыпты жағдайға оралу деп сипаттауға келеді. Құрама Штаттары Ақ үйде бір-бірін алмастыратын екі ірі партияның елі болды. (...) Билікке христиандарға қарсы идеяларды қолдамайтын қалыпты әкімшілік келді. Алайда, бұл бүкіл әлемдегі бұқаралық ақпарат құралдары мен саяси аренада нағыз "жарылыс" тудырды. Бұл көп нәрсені аңғартады", — деді Лавров.
Айтуынша, АҚШ пен Ресейдің ұлттық мүдделері ешқашан бір арнада тоғыспайды.
"Олар тіпті 50%-ға да сәйкес келмейді. Алайда қандай да бір сәйкестік пайда келген кезде, біз жауапты саясаткерлер ретінде мұндай жағдайларда осы ұқсастықтарды одан әрі дамыту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Мен көзқарастары 100% сәйкес келетін адамдарды білмеймін. Бұл мемлекетаралық қарым-қатынастарға да қатысты. Әлемнің тағдырына айтарлықтай әсер ете алатын елдер бар", — деп атап өтті ресейлік саясаткер.
Америкалық блогерлер Лавровтан "АҚШ Ресейге қолын соза отырып, сіздерді қытайлықтарға қарсы араздастырғысы келетін сияқты ма?" деп сұрады.
"Бізде Қытаймен бұрын ұзақ мерзімді перспективада осындай жақсы әрі сенімді қарым-қатынас болған емес. Америкалықтар біздің Қытаймен байланыстыратын саяси міндеттемелерімізден ешқашан бас тартпайтынымызды біледі. Әрине, біздің қарым-қатынасымызда қиындықтар мен мәселелер кездесіп жатады. Бұл көбінесе санкцияларға байланысты. Мәселен, Сібірдегі кейбір логистикалық, инфрақұрылымдық жобалар кейінге қалдырылды. Алайда біз асықпаймыз. Қытайлықтар да асықпайды", — деді Ресей сыртқы істер министрі.
Сергей Лавров Ресейдің Украинада еуропалық бітімшерлік күштердің орналасуына жол бермейтінін жеткізді.
"Франция президенті Макрон соғысты тоқтатайық, бір айдан кейін "бітімгерлер" орналастырайық, содан кейін не істейтінімізді көреміз дейді. НАТО елдері әскерлерінің Украина жерінде орналасуы біз үшін қауіп болып есептеледі", — деді ол.