Мемлекет басшысы: "Биыл диқандарымыз 27 миллион тонна астық жинады"
Президент ретінде мен осы саланың қарқынды дамуына ерекше мән беремін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев А ...
Бұйрық жобасы жария талқылауға ұсынылды.
Қазақстанда сиыр мен қой экспортына жарты жылға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың аналық басын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0102) және ұсақ малдың аналық басын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0104) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", – делінген Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің бірлескен бұйрығында.
Құжатқа берілген түсіндірме жазбада көрсетілгендей, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елде 7 842,6 мың бас ірі қара мал бар.
"Көршілес елдердегі ірі қара мал және ұсақ мал басына жоғары сұраныс байқалады. Бұл малды шетелге үлкен көлемде әкетуді ынталандырады, бұл мемлекеттің өз мал шаруашылығын дамыту және мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі барлық күш-жігерін жоққа шығаруы мүмкін. Республикадан ірі қара мен ұсақ малдың аналық басын әкетуге тыйым салуды сақтау және ұзарту орынды деп санаймыз", – делінген түсіндірме жазбада.
Бірлескен бұйрықты жария талқылау "Ашық НҚА" порталында 20 наурызға дейін жалғасады.
Президент ретінде мен осы саланың қарқынды дамуына ерекше мән беремін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев А ...
Қазақстанда жыл сайын шағын және орта бизнес өкілдері көбейіп жатыр, 2015 жылы елімізде 1,2 млн ШОБ субъектісі болса, бы ...
Боливия жиын-терімге толыққанды кірісе алмай отыр. Оған себеп — жанар-жағармай тапшылығы. Күллі ауыл шаруа ...