Мәдениет саласы бойынша 120-дан аса ұсыныс түсті - министр
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ұлттық құрылтайдың жұмысы туралы журналистердің сұрақтарына жауап ...
Мұндай сүйінші жаңалықты Ғылым және жоғары білім министрі Ұлттық құрылтайдың 4-отырысы аясында айтты.
Академиялық басылымды әзірлеуге 300-ден аса шетелдік және отандық тарихшы жұмылдырылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Саясат Нұрбектің айтуынша, Қазақстан тарихының жаңа академиялық көптомдығына әртүрлі сала бойынша 350-ге жуық еңбек енеді.
– Құрылтай алаңында Мемлекет басшысы жаңа жылнамалық 7 томды, ұлттық тарихымыз жөнінде үлкен еңбекті жазу туралы тапсырма берген еді. Биыл осы жұмысты аяқтауды жоспарлап отырмыз, – деді ол.
Академиялық басылымды әзірлеуге 5 ғылыми институт, еліміздің 250-ден және шетелдің 60-тан астам тарихшы ғалымы қатысқан.
Көптомдыққа 40-тан аса археологиялық зерттеу материалдары, тарих, археология және этнография салалары бойынша 300-ге жуық еңбек енеді. Оны дайындау барысында халықаралық форумдардың, көптеген ғылыми конференцияның, дөңгелек үстелдер мен әдістемелік семинарлардың аясында арнайы секциялар ұйымдастырылған. Осы іс-шараларда ғылыми зерттеулердің нәтижелері тексерілген, сондай-ақ ғалымдардан, сарапшылардан және мамандардан ұсыныстар алынған.
Осыған дейін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Алматы қаласындағы Ә.Марғұлан атындағы Археология институтында "Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін" атты жаңа академиялық басылымды әзірлеп жатқан жетекші ғалымдармен кездескені отандық БАҚ-та жазылған еді.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ұлттық құрылтайдың жұмысы туралы журналистердің сұрақтарына жауап ...
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. През ...
Ұлттық құрылтайдың жұмысы елдің тарихи жадын жаңғыртуға, ұлттық құнды лықтарды ұлықтауға және жаңа са ...