АҚШ елге келетін туристердің әлеуметтік желілерін тексермек
Бүгінде үміткерлер ESTA анкетасын толтыру барысында негізгі жеке мәліметтерін ғана көрсетеді. АҚШ-қа визасыз кіре а ...
Қазақстан туризм бағыты бойынша 119 мемлекет ішінде 52-орынға ие болды
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Алматыға былтыр 1,7 миллион турист келген, оның 500 мыңы шетелдік, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаевтың айтуынша, Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингісінде туризм бағыты бойынша 119 мемлекет ішінде 52-орынға ие болды.
Былтырғы жылдың алғашқы тоғыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсім көрсетті. Алматы қаласы бұл салада ерекше көзге түсіп отыр. 2024 жылдың тоғыз айында Алматыға 1,7 миллион турист келген, оның 1,2 миллионы – ішкі туристер, ал 500 мыңы – шетелдік қонақтар. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,2%-ке көп.
«Алматы қаласының туристік инфрақұрылы қарқынды дамып келеді. 2024 жылы мегаполистегі орналастыру орындарының саны 366-ға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21 орынға көп. Туристік орналастыру саласында көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 70 миллиард теңгеге жетті», – деп атап өтті Ержан Еркінбаев Алматы қаласының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде.
Былтыр мемлекет тарапынан туризмді қолдау көлемі 2,5 есе артты. Мемлекеттік бағдарлама аясында 32 жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде туристік нысандар құрылысы, қонақ үй қызметін жақсарту және көлік құралдарын дамыту шаралары бар.
Бүгінде үміткерлер ESTA анкетасын толтыру барысында негізгі жеке мәліметтерін ғана көрсетеді. АҚШ-қа визасыз кіре а ...
2025 жылғы 15 маусымға қараған түні FlyDubai әуе компаниясының қазақстандық туристер отырған рейстері Алма ...
Жыл соңына дейін республикалық жолдар толықтай заманауи жол сервисімен қамтылады. Бұл туралы Үкімет отырыс ...