• 14-03-2025

Бейжіңде шорт-тректен әлем біріншілігі басталды

Шорт тректен әлем біріншілігі басталды, деп хабарлайды 24kz.

Бейжіңдегі байрақты бәсекеге елден 10 спортшы аттанды. Нақтырақ айтсақ, ерлерден Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченколар мұз айдынға шығады. Әйелдерден Яна Хан, Зейнеп Құмархан, Ольга Тихонова, Малика Ермек және Алина Әжіғалиева ел намысын қорғайды. Жерлестеріміз жекелей сында 500, 1000, 1500 метр қашықтыққа жарысады. Сондай-ақ ерлер 5000, әйелдер 3000 метр қашықтықтағы эстафетада жүлделерді сарапқа салады.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 1976 жылдан бері өтіп келеді. Ал Бейжің оны үшінші рет қабылдайды. Өткен жылы Роттердамда Денис Никиша 500 м қашықтықта күміс медаль алып, Қазақстан тарихындағы алғашқы жүлдені жеңіп алды. Бұған дейін жастар құрамасы бір күміс, үш қола медаль ғана иеленген болатын.