Қырғызстанның энергетикалық дағдарыстан шығу жолы. Аян Заманбеков
Аян Заманбеков , Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің электр энергетикасын дамыту департаментіні ...
Әлеуметтік желі қолданушылары АҚШ-та жұмбақ жағдайда өлтірілген қырғызстандық отбасының денелерін елге жеткізу үшін қаражат жинады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ-та Бермет Анварбекова мен Азамат Доронбековті, сондай-ақ олардың бес жасар ұлын біреулер өлтіріп кеткен.
Марқұмдардың денелерін туған еліне жеткізу үшін отандастары 40 мың доллардан астам қаражат жинаған.
Белгілі болғандай, Бермет Анварбекова мен Азамат Доронбеков АҚШ-қа 2012 жылы қоныс аударған.
Ешбір қиындыққа қарамастан, бұл отбасы күндіз-түні тынымсыз еңбек етті, сол арқылы трак жүргізушілері қоғамдастығының бір бөлшегіне айнала білді. 2019 жылы жұптың көптен күткен сәбиі дүниеге келді. Ол «ерекше» бала еді. Бірақ ата-анасы сынаққа мойымай, бүлдіршінге бар махаббатын берді, — деп жазды қорды ұйымдастырушылар.
Ерлі-зайыптылардың өздері де Қырғызстаннан келген отандастарына көмектесу үшін қайырымдылықпен айналысқан екен.
Аян Заманбеков , Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің электр энергетикасын дамыту департаментіні ...
АҚШ Венесуэла президенті Николас Мадуроны лаңкес деп жариялауы мүмкін. Құрама Штаттардың мемлекеттік департ ...
2025 жылдың алғашқы он айында Шри-Ланка туризм саласынан 2,66 млрд доллар табыс тапты, деп хабарлайды Синьхуа аге ...