Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Коде ...
Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтіп жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ең алдымен бүгін Амал күні баршаңызға құтты болсын дегім келеді. Қыстан аман-есен шығып, ағайын-бауырмен көрісу – ежелден келе жатқан ата дәстүріміз. Бұл күн – Әз-Наурыздың бастауы. Еліміздің төл мерекесі биыл да қасиетті Ораза айына орайлас келіп отыр. Қастерлі мейрамдарымыз халқымызды игі амалдар жасауға үндейді. Асыл қасиеттерімізді кеңінен дәріптейді. Құрылтайдың ұлық мерекелермен қатар өтіп жатқаны – жақсылықтың нышаны", — деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан үш жыл бұрын наурыз айында арнайы Жолдау жариялағанын еске салды.
"Елімізді түбегейлі жаңғырту үшін ауқымды реформа жасайтынымызды айттым. Сол кезде алғаш рет Ұлттық құрылтай туралы бастама көтердім.Үш жылдың ішінде Қазақстан жаңа тұрпатты ел болды. Саяси реформалар жан-жақты өзгерістер жасауға мүмкіндік берді. Жалпыхалықтық референдум арқылы Ата заңға түзетулер енгізілді. Парламенттің құзыры кеңейді, Үкіметтің жауапкершілігі артты. Адам құқықтарын қорғау жүйесі жақсарды. Конституциялық сот құрылды. Шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың белсене қатысуына жол ашылды. Басқа да бағыттарда маңызды реформалар жасалды", — деді Президент.
Айта кету керек, осыған дейін Мемлекет басшысы Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайға қатысатынын жазған болатынбыз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Коде ...
Президент тиісті Жарлыққа қол қойды. Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағы ресми түрде берілді. Бұл туралы М ...
Мемлекет басшысы озық шешімдерді мемлекеттік басқару саласына енгізуде Жапония тәжірибесіне назар аударуға шақырды. ...