Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Коде ...
Бұл туралы Президент Ұлттық құрылтайдағы сөйлеген сөзінде айтты , деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Дмитрий Павленко дұрыс мәселе көтерді. Кәсіби техникалық колледждер жаңа мамандықтарға сұранысты және еңбек нарығындағы жағдайды ескеруге тиіс. Сарапшылардың айтуынша, біраз жылдан соң солтүстіктегі халықтың саны едәуір азайып, оңтүстіктегі тұрғындар әлдеқайда көбеюі мүмкін. Бұл – өте өзекті мәселе. Себебі аймақтардың еңбек нарығында теңсіздік одан әрі ушыға түседі деген сөз. Осы мәселемен Үкімет мұқият айналысуы керек. Қостанайдағы колледждің тәжірибесін солтүстік аймақтарда кеңінен қолдану қажет», деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Президент құрылтай мүшелері өзекті мәселелерді әрдайым көтеріп жүргенін айтты.
«Жалпы құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерді үнемі көтеріп жүр. Бәрін сынап-мінеп отыратын бәзбіреулер басты түйткіл – бұл емес, мемлекет назар аударуға тиіс басқа да проблемалар бар деуі мүмкін. Азаматтарымыз күнделікті тіршілікте көптеген қарапайым түйткілге тап болады. Оны елемей, назардан тыс қалдыру дұрыс емес екенін ескерген жөн. Біз азаматтардың тұрмысына қатысты мәселелерді алдағы уақытта да көтереміз, ең бастысы, бұл проблемаларды шешетін боламыз», деді Президент.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Коде ...
Президент тиісті Жарлыққа қол қойды. Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағы ресми түрде берілді. Бұл туралы М ...
Мемлекет басшысы озық шешімдерді мемлекеттік басқару саласына енгізуде Жапония тәжірибесіне назар аударуға шақырды. ...